15
Жұма,
Қараша

һижри

Қалай ниеттендім солай жолым ашыла бастады

Мақалалар
Жарнама

         Сіздерге күшті әңгіме айтып берейін. Біреуге ой салса болды. Жаздан бері жұмыс істемеймін ғой, жұмыстан шығып кеткесін қалай күн көремін, ақшаны қайдан аламын, киімді қайдан аламын деген ой болды. Күйзеліске түскенім рас. Қарыздарым да тым көп еді. Ісімнің бәрі кері кетті. Жолым болмады.

         Ішімдік ішіп сайран сап жүрдім. Бір күні ішімдік жақпай қалды. Құжаттарымды жоғалттым. Сосын ішімдікті қояйын дедім, одан кейін мешітке барып тұрсам қайтеді деген ой туды. Мешітке барғасын садақа бересің ғой.

         Мешітке барып жүріп намаз оқысам қайтеді деген ой туды. Қалай ниеттендім солай жолым ашыла бастады. Ниет тазарғасын Фб-да да текке отырмай біреуге пайдамды тигізсем қайтеді деген ойға келдім. Біреу болмаса біреуге пайдам тие бастады. Ақша мені өзі іздеп келе бастады. Ақшаны игі істерге жұмсадым, өзімнен артылғанын мұқтаж жандарға бере бастадым, ақшаны өзіңе жұмсау да, пайдалы зат алу да сауап негізі. Сауап мешітке барып садақа беру ғана емес.
Қазір де жұмыс істемеймін, бірақ ақша қайдан келетінін өзім де білмеймін. Қазір барлық қарыздарымнан құтылғанмын, киімде алдым.Керек заттарды да алдым. Садақамды да беріп тұрамын. Қалай күн көрем қалай ақша табам деген ой жоқ қазір менде.

         Ниетіме қарай жақсы қыз жолықтырдым. Оған үйленгесін оны қалай асыраймын, қалай тамақ тауып берем деген уайым жоқ қазір менде. Ол қыздың да ештеңесі жоқ. Есеп құрмадым оның мәшинесі жоқ екен, үйі жоқ екен, байдың қызын алайын деп ойлаған да жоқпын. Ақша кездейсоқ жұмыстардан табыла кетеді.

         Ең бастысы ниетің тазарса,бір теңге берсең Құдай он есе қайтаратынына көзім жетті. Он есе қайтарады деп істемеймін жүрегімнің қалауымен істеймін. Анау жоқ,мынау жоқ деп уайымдай бермеу керек екен. Өзімнің жағдайым жоқ деп жылай бермеу керек екен, өзіңнен жағдайы мың есе нашар адамдар бар соларға 5 теңге болса да садақаңды берсең Құдай өзі қайтарады екен.

         Көбіміз дымым жоқ немді бөліп беремін деп ойлайтынымыз рас. Ең бастысы ниет керек. Мұқтаж адамдарға бермей аяп отырған ақшаң пайдасыз нәрсеге жұмсалып кету мүмкін ғой. Біреудің қиналғанын көріп қолұшын созбаудан жаман нәрсе жоқ. Бес теңге болса да беріңдерші шын ниеттеріңмен беріңдерші сондай адамдарға. Өзім нан таппай отырғанда немді берем деп аяп қалмаңыздар.
         Бұны не үшін жазып отырмын. Өз басымда болып жатқан жақсылықтар, сіздердің бастарыңызда да болсын деп отырмын. Өзімде ғана болмасын деп сіздерге де тілеп отырмын. Бұл ойға келуіме бүгін ғана айтылған керемет ұсыныс себеп болды,біреу табысы мол ұсыныс айтты. Сондай ұсыныс айтылғанда таңқалдым. Не екені құпия қалсын. Қазір ешкімге өкпем де жоқ. Жұрттың сөзінде де шаруам жоқ. Жұртың сөзіне бола дауласпаймын да, ашуланбаймын. Өз ісімді жасап жүре берем болды. Барлық адамға жақсылық тілеп жүрмін.



Alashainasy.kz

Мақалада автор пунктуациясы сақталған.

Бөлісу: