25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ислам дінінің мінезі – ұят

Ислам дінінің мінезі – ұят

Мақалалар
Жарнама

Ұялу – жақсы сезім, ең жақсысы – өзіңнен өзің ұялу.

Лев Николаевич Толстой.

Ұят әр адамға туған берілетін сезім. Ұялу - адамдарды жамандықтан сақтап, жақсылыққа шақырады. Ұялшықтық – мұсылман адамға тән қасиет.

قال رسول الله صلى الله عليه و سلم  لكل دين خلق و خلق هذا الدين الحياء

Пағамбарымыз, Алланың оған сәлемі болсын, былай дейді:  Барлық діндердің мінезі болады, ал мына діннің мінезі – ұят.

Ұялу сезімін біз ең әуелі Алла тағаладан үйреніп, Пайғамбарымыздан, Алланың оған сәлемі болсын, үлгі алуымыз керекпіз.

Алла Тағаланың ұлы ұяты жайлы Пайғамбарымыздан (Алланың оған сәлемі болсын) келген хадисі бар: «Алла Тағала маһшарда еспеке шақырылған бір қарттан: «Мына күнәларды неге жасадың?» - деп сұрайды сонда ол қарт: «Жоқ, мен бұл күнәларды жасаған жоқпын» - деп танып шығады. Алла Тағала сонда періштелерге: «Олай болса Жаннатқа кіргізіңдер» - дейді. Сонда періштелер: «Уа, Алла, сен оның мынандай-мынандай күнә жасағанын білесің ғой» - дейді, сонда Алла: «Иә солай, бірақ Мұхаммедтің үмметі болып жүріп ағарған сақал-шашына қарап, оның айыптарын бетіне басуға ұялдым» - деген. Осы хабарды Жәбрәйіл періште Пайғамбарымызға (Алланың оған сәлемі болсын) жеткізген кезде Алла Елшісінің көзі жасқа толып, жылап отырып  былай дейді: «Ұлы Алла Тағала үмметімнің ақсақалдарына азап беруге ұялады, алайда ақсақалдылар күнә жасауға ұялмайды».

Мінеки, Ұлы Алла Тағаланың осы бір мінезінен тәлім алған Пайғамбарыыздың өзі де жер бетіндегі ең ұятты кісісі болған. Тіпті оң босағадағы отырған қыздың ұялшақтығынан да артық ұялған. Сахабалармыз да ұятты болып, бізге өнеге ретінде осы сипатты көрсете білген. Сахабаларымыздан ұялшақтығымен ең үлгілі болған үшінші халифа Осман ибн Аффан еді. Ұялшықтығы сонша, одан тіпті періштелер де ұялған.

Мұсылман адам ұят сезімге ерекше мән беру керек. Ислам діні ұятты үшке бөледі, бірінші – Алладан ұялу, екінші – адамдардан ұялу, үшінші – адамның өзінен ұялуы.

Бірінші – Алла Тағаладан ұялу. Оның ұлылығын және өз құлдарына жақын екендігін, оларға назар салатынын және көздердің қиянатын, сондай-ақ жүректердегі жасырын сырларды білетінін түсіну нәтижесінде пайда болатын ұялшақтық.

Ибн Масғуд, Алла оған разы болсын: «Пайғамбар, Алланың оған сәлемі болсын: «Алладан ұялу – бас пен ондағыларды (тыйым салынған әңгімелерден, ойлар мен көз тастаудан бас тарту қажеттілігі) аман сақтау және қарын мен ондағыны (харам азықты тағам ретінде пайдаланудан бас тарту) аман сақтау; сондай-ақ, өлім мен сынақтарды есте ұстау. Ақыретті қаласа,  сол – Алладан ұялған адам» - деген.

Екінші – адамдардан ұялу. Ешкімге зиян тигізбеу, ащы тілімізбен жұрттарды түйремеу, ешкімді кекетіп келмеждемеу, әурет жерлерімізді жұрттарға көрсетпеу, адамдардан ұялу мәселесіне жатады. Адамдардан ұялуға көбірек мән беру керекпіз.

Үшінші – адамның өз-өзінен ұялуы, бұл өз ар-намысын сақтау арқылы болады, адамның өзгеден ұялуынан қарағанда, өзінен ұялуы маңызды. Жұрттың көзінше ұялатын нәрселерді жеке қалғанда да жасамауы керек. 

«Ұят» - адамның айыпты істерді жасаудан бас тартуы. Қазақ бұл сөзді «ұят – жаман ойдың жүгені» деп бекер айтпаған. Құдайға иман келтірген адам қандай да бір амалды жасамас бұрын өзінің Құдайдың бақылауында екенін есінен шығармайды. Ұрлық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік немесе зұлымдық жасайын десе, Құдайдан ұялады.

Ұялшақтыққа қарама-қарсы қасиет – ұятсыздық, арсыздық. Бұл – бұзық қасиет, өйткені ол адамды айыптаулар мен ұялту, бетке басу және ұрысу, сөгу, жазғырулардың ешқайсысы назар аудартпастан жаман іске біржола ашық істейтін дәрежеге жетеді.

Пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын): «Менің үмбетімнің (әдепсіздікті) ашық істейтіндерінен басқа барлық (мүшелері) құтылатын болады» - деген.

Алланың Елшісі (Алланың оған сәлемі болсын): «Ұят – иманның бір  тармағы» , «Ұят – иманнан» - деп айтқан.

Алла тағала баршамызға шынайы ұялуды жазсын!

Әйгерім Қайратқызы

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: