27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мұсылмандар амал етуді жоғалтып алған екі сүре

Мұсылмандар амал етуді жоғалтып алған екі сүре

Ислам тарихы

Сахабалар оның ішінде Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оларға разы болсын):

“Әйелдеріңе және қыздарыңа «Нұр» сүресін, ұлдарыңа «Бараа» сүресін (кейбір сахаба «Майда») сүресін үйретіңдер”, — деген. Сүренің мағынасын ұғынып, оған амал етпегесін бізге кәпірлер азғындықтарын кіргізіп бітті. «Нұр» сүресі бізге нені үйретеді? «Нұр» сүресі біздерді зина жасаудан, азғындықтан аулақ болуды үйретеді және бойдақ ұл-қыздарды ерте үйлендіруге бұйырады.

Ал қазіргі таңда орын алып жатқан жағдайлар аятқа тым қарсы нәрселер. Оқу орындарында оқу мерзімін ұзартқаны сондай, ол уақытта ұлдың да, қыз баласының да жасы біршама уақытқа жетіп қалады. Мектепті 17-18 жаста бітіреді, сосын университет бар, оны 4 жыл оқиды, жасы 22-23-ке келеді. Қыз баласы балиғатқа көп дегенде 12 жасында толады. 10 жылын оқу оқумен бос өткізеді. Сосын ер жігіттің келуін күтіп тағы 3-4 жыл жүреді жасы 27-ге келеді. Сонда не қалды, 1 ғана бала туа ма?! Сонымен қатар ұлдар да сол хәлге түсті. Ұл баланың 20 жасқа дейінгі күші ең қуатты сәттері болып саналады.

Егер 30 жасында үйленіп жатса өмірінде не қалды сонда?! Шындығында, мұның баршасы шариғатқа қайшы әрекеттер. Соған қарамастан әлемдік қағидаға айналды! Сол себепті де қоғамда түрлі азғындық және зина кең тарап кетті. Расында ауылдағы ата-бабаларымыз олардан ақылдырақ болған. Себебі олар 20 жасқа дейін тұрмыс құрып, 10-нан астам перзент сүйетін. Ал қазіргі кездің адамдары бір-екі ұрпақ қана қалдырады.

материал «Мұсылманға ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: