Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.
Әуелі сыртында болғандарға тоқталайық.
- Хадасаттан тазалық.
- Нәжісаттан тазалық.
- Әурет жерін жабу.
- Құбылаға бет бұру.
- Уақыт.
- Ниет. Бұлар намаздың шарттары деп аталады.
Қалған алтауы намаз ішіндегі парыздар:
- Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
- Қиям (Тұру)
- Қырағат (оқу)
- Рүкүғ
- Сәжде
- Ақырғы отырыс
Сыртқы парыздары
1.Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)
Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас немесе үлкен хадастан тазалану – жуыну, дәрет алу немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады. Құранда Аллаһ былай дейді: «Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар, және екі тобыққа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар. Науқастанып қалсаңдар яки сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып келсе яки әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғыңдар, онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ түсіруді қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды, сондай-ақ, шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығмет, ырыс-берекесін толықтыруды қалайды». Хадисте: «Дәреттерің бұзылған кезде, қайта дәрет алмай, Аллаһ намаздарыңды қабыл етпейді», – деп ескертеді148. Басқа бір хадисте: «Аллаһ тазаланбай оқыған ешқандай на- мазды қабыл етпейді» – делінеді.
2.Нәжістерден тазалану (Заттық тазалық)
Намаздан бұрын дене мен киімді немесе намаз оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет. Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Намазға кедергі жа- сайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
Материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды.
(Жалғасы бар)
Ummet.kz