25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәресіні күн шыққанша ішу керек пе?

Сәресіні күн шыққанша ішу керек пе?

Ораза

Ауызды бекітіп жатқан адам сәресін таң намазының уақыты кіргенге дейін ішу керек[1].

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке (күн батқанға) дейін толық орындаңдар»[2].

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ибн Умму Мәктум азан айтқанша ішіңдер, жеңдер. Ол таң атпайынша азан айтпайды», – дейді.

Сондықтан сәресін күн шыққанша емес, таң намазының уақыты кіргенге дейін ішу керек.

 

[1] Асғад Мухаммад Сағид әс-Сағуржи, «әс-Сәум», 25.

[2] «Бақара» сүресі, 187-аят.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: