25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза кезінде ауыз бен мұрынды қалай шаю керек?

Ораза кезінде ауыз бен мұрынды қалай шаю керек?

Ораза

Аузы берік адам дәретте болсын, ғұсылда болсын ауызды шайқайтын кезде тамақты шаймайды. Сондай-ақ, мұрынға су алғанда да оны шамадан тыс қатты тартпағаны дұрыс[1].

Өйткені, ішке су кетіп қалу қауіпі басым.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Дәретте мұрынға суды қаттырақ тартыңдар. Бірақ оразада олай істемеңдер (қатты тартпаңдар)»[2].

[1] Әл-Кәсәни: Бадаиъу – 1/210 бет.
[2] Имам Ахмад: Мүснәд - №16035 хадис.; Әбу Дәуід; Тирмизи т.б.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: