25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сапар кезінде қаза болған намаздың қазасын кейіннен қалай өтеймін?

Сапар кезінде қаза болған намаздың қазасын кейіннен қалай өтеймін?

Намаз

Сапарда қаза болған намазды үйге келгенде қысқартып оқимын ба, әлде толық оқимын ба?

Жолаушы кезде қаза болған намазды кейіннен қазасын өтейтін кезде, қысқартып өтейсіз. Мысалы, сапардан келе жатқан жолда асыр намазы қаза болып қалды делік. Үйге жеткенде қазасын өтейтін кезде, екі рәкәғат қылып қысқартып өтейсіз. Өйткені жолаушы сәтте қаза болған төрт рәкәғатты намаздың қазасы да екі рәкәғатқа қысқартылып өтеледі. Ал, бірақ, жолаушы емес кезде қаза болған намазды, сапарда қазасын өтейтін болсаңыз, оны қысқартпай, толық өтейсіз.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: