25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сүннет намазын оқитын кезде «қаза намазға да» ниет ету керек деген рас па?

Сүннет намазын оқитын кезде «қаза намазға да» ниет ету керек деген рас па?

Намаз

Ханафи ғұламасы Ибн Хумамның (қ.ж.х. 861ж.) «Фатхул Қадир» атты «Хидаяға»[1] жазған түсіндірмесінде былай деп кеткен:

«Парыз және нәпіл намазды біріктірген жағдайда (яғни, екеуіне бір ниет жасаған болса),  Имам Әбу Юсуфтың  (р.а.) тұжырымы бойынша, парызға бастаған болып есептеледі (нәпілі саналмайды). Ал, Имам Мұхаммед (р.а.) ондай жағдайда намазы жарамсыз деген (яғни, екеуіне де ниеті жарамайды деген)»[1].

Тағы бір Ханафи ғұламасы Қазы әс-Суғдидің (қ.ж.х. 461, м.1068 ж.) мынадай пәтуасы бар:

«Бір кісі парызға ниет етіп (бастап), артынан онысын сүннетке немесе нәпілге айналдыруға ниеттенсе, діттеген намазына (яғни, сүннетіне немесе нәпіліне) кірген болмайды. Тек, қайта «ифтитах» айтып бастап жатса, ол басқа. Сондай-ақ, кімде-кім, сүннет намазына ниет етіп бастап, кейіннен парыз намазына ниет етіп жатса, бастаған намазынан шыққан болып саналмайды әрі (екінші рет) ниет еткен намазы есепке алынбайды. Әрине, егер, қайта «ифтитах» айтып бастап жатса, ол басқа»[2].

Ендеше, оқылатын намаздың нақты қандай намаз екендігіне ниет етілген болу керек. Екі ниетпен бір намаз оқылмайтыны секілді, бір намазды оқып тұрып бірнеше намазға ниет ете алмайды. Егер, қаза намазына да, сүннет намазына да бірге ниет етілген болса, ол намаз қаза намазының орнына жүреді, онымен қосымша сүннет де оқылған болып саналмайды.

 

[1] "Әл-Хидаяту Шарху Бидаятиль Бүбтәди" атты ханафи мәзхабы бойынша жазылған фиқһ кітабы. Авторы - Бурхануддин Әли ибн Әби Бәкір әл-Мәрғинәни (қ.ж.х. 593ж.).
[2]Ибнул Һумам, Фатхул Қадир – 1/274 бет.
[2] Шайхул Исләм Әбу хасан Әли ибн Хусайн әс-Сағди, ән-Нутфу фил Фәтәуә. 1/57 бет.
[3] Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар – 2/536 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: