25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

"Харам айлар" деп қандай айларды айтамыз? Олардың ерекшелігі қандай?

"Харам айлар" деп қандай айларды айтамыз? Олардың ерекшелігі қандай?

Сұрақ-Жауап

Құранда бұл жайында: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні  жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше бұл айларда (яғни қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар,» (Тәубә сүресі, 36 аят) – делінген.

Харам айларға байланысты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Жыл он екі айдан тұрады. Бұлардың төртеуі харам айлар. Оның үшеуі бірінен кейін бірі келеді. Бұл айлар зилқағда, зилхижжа, мухаррам. Төртіншісі болса, Ережеп,» (Сахих Бұхари, Сахих Мүслим) – дейді.

Яғни харам айлары деп Алланың Құран Кәрімде арнайы атап өткен, құрмет тұтылған айларды айтамыз.  Осы айларға көрсетілген құрмет ретінде жамандықтардан, ғайбат, өсек-аяң, намазды қаза ету сияқты үлкенді-кішілі күнәлардан бойымызды аулақ салу керек.  

Харам айлардың төртіншісі – Ережеп (Ражаб) айы, сонымен бірге қасиетті үш айлардың біріншісі.  «Ражаб» сөзінің бір мағынасы - «ұлықталған». Ендеше, ережеп айында жасалған игі істердің сауабы өзге айлардан гөрі көбірек. Сондай-ақ, рухани салмағы басым, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рағайып және Миғраж түндері осы айдың ішінде екенін ескерсек, бұл кезеңнің қаншалықты берекелі екенін түсінеміз. Ендеше, бұл айда ораза ұстау, садақа беру, Құран оқу сияқты сауапты істерге көбірек уақыт бөлген жақсы.

Ummet.kz

Бөлісу: