25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда неге орын ауыстырады?

Намазда неге орын ауыстырады?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм. Неге кей кісілер намаз оқып болғаннан кейін келесі намазға орын ауыстырады?

يَوۡمَئِذٖ تُحَدِّثُ أَخۡبَارَهَا 

«Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді»[1] (жер бетінде адамдардың қандай амалдардың жүзеге асырғандықтары туралы хабар береді)

Бұл аяттың тәпсірі жайлы Пайғамбар (с.ғ.с.) : «Біреу жер бетінде жақсылы жаманды не істемесе де жер ол туралы хабар береді»  деген.

فعن عُمَرُ بْنُ عَطَاءِ بْنِ أَبِي الْخُوَارِ، أَنَّ نَافِعَ بْنَ جُبَيْرٍ، أَرْسَلَهُ إِلَى السَّائِبِ - ابْنِ أُخْتِ نَمِرٍ - يَسْأَلُهُ عَنْ شَيْءٍ رَآهُ مِنْهُ مُعَاوِيَةُ فِي الصَّلَاةِ، فَقَالَ: نَعَمْ، صَلَّيْتُ مَعَهُ الْجُمُعَةَ فِي الْمَقْصُورَةِ، فَلَمَّا سَلَّمَ الْإِمَامُ قُمْتُ فِي مَقَامِي، فَصَلَّيْتُ، فَلَمَّا دَخَلَ أَرْسَلَ إِلَيَّ، فَقَالَ: «لَا تَعُدْ لِمَا فَعَلْتَ، إِذَا صَلَّيْتَ الْجُمُعَةَ، فَلَا تَصِلْهَا بِصَلَاةٍ حَتَّى تَكَلَّمَ أَوْ تَخْرُجَ، فَإِنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَمَرَنَا بِذَلِكَ، أَنْ لَا تُوصَلَ صَلَاةٌ بِصَلَاةٍ حَتَّى نَتَكَلَّمَ أَوْ نَخْرُجَ».
قال الإمام النووى معلقا على هذا الحديث : "فيه دليل لما قاله أصحابنا أن النافلة الراتبة وغيرها يستحب أن يتحول لها عن موضع الفريضة إلى موضع آخر وأفضله التحول إلى بيته وإلا فموضع آخر من المسجد أو غيره ليكثر مواضع سجوده ولتنفصل صورة النافلة عن صورة الفريضة وقوله حتى نتكلم دليل على أن الفصل بينهما يحصل بالكلام أيضا ولكن بالانتقال أفضل لما ذكرناه والله أعلم"

Омар ибн Ато ибн Әби әл-Хауарды Нәфиъ ибн Жубайр Сәибке жібереді. Жібергендегі мақсаты Сәйб намаз оқып жатқан кезде Муғауия байқаған нәрсесі жөнінде біліп келу болатын. Сонда ол: «Иә, мен Муғауиямен бірге жұма намазын оқыдым. Имам сәлем бергеннен соң сол орныма тұрып тағы да намаз оқыдым. Болғаннан кейін мені шақыртып былай деді: «істегеніңді екінші рет қайталама. Жұма намазын оқып болғаннан кейін біреумен сөйлеспейінше немесе мешіттен шығып кетпейінше екінші бір намазды жалғастырып оқыма. Расында Пайғамбар (с.ғ.с.) бізге соны бұйырып, қашан бір намаз бен екінші бір намаздың арасын сөйлемейінше немесе мешіттен шығып кетпегенімізше араларын қосудан тыйған».[2]

Имам Нәуәуй осы хадиске түсіндірме беріп былай деген: «біздің асхабтарымыз бекітілген сүннеттер мен басқа да нәпілдерді парыз намазын орындаған жерден басқа жерде тұрып орындау мұстахаб екендігіне дәлел еткен. Абзалы үйіне барып оқу. Олай жасамаса сәжде жерін көбейту мақсатында мешіттің ішінен басқа орынға барып не басқа мешітте оқиды. Бұлай жасауының тағы бір себебі парыз намазы мен нәпіл намазының көрінісі өзгеше болуы үшін. «Сөйлемейінше» деген сөзі парыз намазы мен нәпіл намазының арасы сөйлеумен де ажыратылатындығына дәліл. Алайды орын ауыстыру абзалырақ».[3]

عن أبي هريرة رضي الله عنه عن النبي صلى الله عليه وسلم قال : "أَيَعْجِزُ أَحَدُكُمْ إِذَا صَلَّى أَنْ يَتَقَدَّمَ أَوْ يَتَأَخَّرَ أَوْ عَنْ يَمِينِهِ أَوْ عَنْ شِمَالِهِ ، يَعْنِي : السُّبْحَةَ"

Абу Хурайра жеткізген хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.) айтты: «(Парыз намазынан кейін сүннет) намазын оқығанда кез-келген бірің алға шығуға немесе артқа шегінуге, оңға немесе солға жылжуға қинала ма?!»[4]

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ، قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم ‏ "‏ لاَ يُصَلِّي الإِمَامُ فِي الْمَوْضِعِ الَّذِي صَلَّى فِيهِ حَتَّى يَتَحَوَّلَ ‏"‏

Муғирота ибн Шуғбадан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) айтты: «Имам намаз оқыған жерінен орынын ауыстырмайынша екінші намазды бастамайды».

«Демек, парыз намазын орындап болғаннан кейін сүннет намазын оқитын кезде имам болсын, ұйюшы жамағат болсын, (орын болса) оңға немесе солға бір қадам жылыжып (қаласа одан да көп), яки арт жаққа шегініп табылған бос орынға  барып оқығандығы абзал болып табылады. Алайда орын ауыстырмай, тұрған жерінде оқи берсе де намазы дұрыс».[5]

Жоғарыда келтірілген аят пен хадистерден және ғалымдарымыздың сөздерінен алатын қорытындымыз төмендегідей:

- Адамның әр сәжде жасаған жері қияметте иесіне «менің үстіме маңдайын тигізіп Өзіңе сәжде етті» деп куәлік береді.  Сондықтан да бір жерге болсын не әртүрлі жерге болсын сәжде жасау құнды амал.

- Имам парыз намазындағы тұрған орынынан сүннет немесе нәпіл намазын орындау үшін басқа жерге ауысып жалғастырғаны дұрыс.

- Ұйыған адам болса шамасы келгенше ешкімге зиян берместен орын ауыстырғаны абзал. Тіпті орын ауыстырмаса да намазына зиян келмейді.

- Мешіт іші жамағатқа толы болып орын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда сол орнында тұрып нәпіл намазын жалғастыра береді. Өйткені мекен ауыстырып намаз оқу абзал амал болса, өзгеге зиян бермеу парыз амал.

Нұрсұлтан Мамедалиев

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы


[1] Зилзәлә сүресі, 4 аят.

[2] Имам Муслим риуаят еткен. 2 том, 601 бет.

[3] Имам Нәуәуйдәі имам Муслим кітабына жазған шархы. 6/170

[4] Ибн Мәжә риуаят еткен.

[5]  Имам Ъалауддин әл-Кәсәнидің «Бәдәиъус-Сонаиъ» кітабы: 2 том, 267 бет.

Бөлісу: