26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зекетті қай кезде берген жөн?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Әссаләмуалайкум. Мен жеке кәсіп бастағалы жатыр едім. Соған қатысты зекетті қандай адамдардың берулері керек, және қай кезде берілгені жөн екенін білгім келген еді? Ержан...

Жауап: Уа алейкум әссәләм. Алла Тағала бастағалы жатқан кәсібіңізге берекесін жаудырғай. Сіздің сұрағынызды екіге жарып қарастырсақ..

Біріншісі: зекетті қандай адамдар беруі керек?

 Егер адамның бойында белгілі шарттар табылса, онда оған зекет беру уәжіп болады. Бұл шарттар мыналар:

  1. Мұсылман болу;
  2. Азат болу;
  3. Нисап мөлшері;
  4. Толық иелік ету;
  5. Зекет малының өсімді болуы;
  6. Негізгі қажеттерінен артық болуы;
  7. Нисапқа толған дүние-мүлікке бір жыл толу;
  8. Қарыз болмау

Екіншісі: қай кезде берілгені жөн?

Зекет малы–адамның қолындағы негізгі қажеттіліктерінен артық малының нисап көлеміне жеткенінен кейін хижра жылсанағымен бір жыл, яғни он екі ай толғаннан кейін береді.

Ал нақтырақ қай ай немесе қай күні берілгені абзал десе, онда ислам ғұламалары парыз зекетті рақым айы болған Рамазан айында беруді әдетке айналдырғанын айта аламыз. Себебі бұл айда жасалған жақсылықтардың сауабы да еселене түспек. Бірақ зекет парызын өтеу үшін белгілі бір ай немесе күн бекіту міндетті емес.

Ең дұрысын Алла біледі.

Толығырақ ақпаратты сайтымыздың бес парыз бөліміндегі «ЗЕКЕТ» бағанасынан қарай аласыз.

Бөлісу: