26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бала тууды бақылауға алу рұқсат па?

Сұрақ-Жауап

Қазіргі кезде бала тууды бақылауға алу мәселесі тек біздің елімізде ғана емес барлық дүние жүзінде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Ислам отбасына көп көңіл бөледі. Мұның себептері мыналар деп айтуға болады: ұрпақ сабақтастығы, ерлі-зайыптылардың шаттықпен, тыныштықпен өмір сүруі, көз бен абыройдың харамнан қорғалуы. Некенің ең басты мақсаттарының бірі ұрпақ жалғастығы деп қарағанда науқастық, қоршаған ортадағы бұзықтық пен шектен тыс пақырлық сияқты үзірлер болмаған жағдайда некедегі жұбайлар бала тууға кедергі болатын шараларға жүгінбегені дұрыс. Бірақ бұл мәселеде медицина маманы мен Ислами ғылымдарды жақсы меңгерген адам бала туудан сақтану үшін жеткілікті үзір (себеп) бар деп шешсе, дәрі қолдану, азил (еркектің бел суын сыртқа ағызуы), спираль (жатырішілік шиыршық) тағу немесе фаллопий түтігін байлату сияқты жолдардың қайсысы өзіне ыңғайлы, сол тәсілдерді қолдануға болады.

Жәбир бин Абдуллах (р.ғ) былай риуаят еткен: «Құран Кәрім түскен кезде біз азил жасайтын едік. Егер оған тиым салынғанда, бізге Құран тыйым салар еді»[1]. Муслимнің риуаятында мына сөз қосылып риуаят етілген: «Бұл жағдайды Алла Расулы естіді. Бірақ бізге тыйым салған жоқ»[2].

Бірақ жүкті болып қалғаннан кейін жасанды түсік жасау ислам бойынша тиым салынады. Тек заңды үзір яғни үлкен себеп болған жағдайда ғана (мыс. өлім қаупінің туындауы немесе науқасының артуы) ұйыған қан жағдайындағы нәрестені дәрімен түсіру немесе оны алдыртып тастауға болады.


 

[1] Бұхари, Қадар, 4; Никях, 39.

[2] Муслим, Талақ, 26-28.

Ислам ғылымхалы

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: