26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Діни мерекелерді тойлаудың үкімі қандай?

Сұрақ-Жауап

Егер шариғатта тыйым салынған істер араласпаса, діни мерекелерді ескеру, атап өту мұсылмандар үшін сауапты іс. Өйткені Алла Тағала Құранда: "وذكرهم بأيام الله" «Алланың күндерін ескерт,»[1] - дейді. Пайғамбардың () сүннетінде мұндай істер болғаны жайлы хадистер келген.

Сахих Муслимде айтылғандай, пайғамбар () әр аптаның дүйсенбі күндері ораза тұтып: «Бұл күні мен туылдым,» - дейтін.  Сахих Бухари мен сахих Муслимде Ибн Аббастан риуаят еткен хадисте: «Алла елшісі () Мәдинаға келген кезде яһудтардың Ашура күні ораза тұтқанын көрді. Олардан: «Бұл сіздердің ораза тұтқан күндеріңіз қандай күн?» - деп сұрады. Олар: «Бұл - ұлы күн. Бұл күні Алла Тағала Мұса мен оның халқын құтқарып, ферғауын мен оның қауымын суға батырды. Сонда Мұса шүкір үшін ораза тұтты, сондықтан біз ораза тұтамыз», - деді. Сонда Алла елшісі(с.а.с): «Ендеше Мұсаның істерін істеуге сіздерден гөрі біз лайықтымыз», - деп ораза тұтты да, ораза ұстауға әмір етті,» - делінді.

Осыған байланысты жоғарыда айтылғандай түрде атап өтілуі -шариғат құптаған іс.  Ол - Алла Тағаланың белгілерін ұлықтау. Құранда Алла Тағала:

"و من يعظم شعائر الله فإنها من تقوى القلوب"

«Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күмән жоқ ол жүректің тақуалығынан,» - дейді[2].

 Құрметпен, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.



[1] Ибраһим: 5.

[2] Хаж: 32.

Бөлісу: