26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шайтанның жүретін жерлері қандай?

Сұрақ-Жауап

Әжетханаға кірерден бұрын Алланың атымен шайтанның азғыруынан сақтану. Өйткені ең лас жерлер жын-шайтанның орны. Осындай жерлерде адамды азғырып, зарар беруге тырысады.

 Пайғамбарымыз (с.а.с) әжетханаға шығардан бұрын: «Аллаһумма иннии аъуузу бикә минәл-хубси уал-хабааис», – деп айтатын болған.

Жындар жер бетіні барлық жерінде дерлік жүреді. Алайда олар көбіне елсіз, түзсіз жерлерде, лас, қоқыс орындарда, монша, мазарстанда жүреді. Пайғамбар (с.а.с.) лас жерлерде, моншаларда құлшылық қылуға тыйым салған. Олардың мазарстанда жүрулерінің мақсаты аруақ кейпінде келіп адамдарды адастыру. Сондай-ақ хадистерде шайтанның базарларда жүретіндігі айтылған.

عَنْ سَلْمَانٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: »لاَ تَكُونَنَّ إِنِ اسْتَطَعْتَ أَوَّلَ مَنْ يَدْخُلُ السُّوقَ وَلاَ آخِرَ مَنْ يَخْرُجُ مِنْهَا فَإِنَّهَا مَعْرَكَةُ الشَّيْطَانِ، وَبِهَا يُنْصِبُ رَايَتَهُ.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Пайғамбар (с.а.с.) сахабасы Салман (р.а.) былай дейді: «Мүмкін болса, базарға бірінші болып келмеңдер, соңғы болып шықпаңдар. Өйткені ол жер шайтанның майданы. Ол сонда туын тіккен» (Мүслім риуаяты).

Шайтандар сондай-ақ тұрғын үйлерді де мекендейді. Алланың аты аталса, ол жерден қашып шығады. Мүслім риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) адам үйге кірерде Алланың атағанда шайтан өзінің достарына: «Бүгін біз түнейтін орын жоқ», – деп шығып кетеді.

Шатйандардың жүретін тағы мекені – көлеңке мен жарықтың арасы. Сондықтан да Алланың елшісі (с.а.с.) жартылай көлеңкеде жартылай күнде отыруға тыйым салған.

وَفِي الصَّحِيحَيْنِ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »إِذَا سَمِعْتُمْ نَهِيقَ الْحَمِيرِ فَتَعَوَّذُواْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ فَإِنَّهَا رَأَتْ شَيْطَانًا، وَإِذَا سَمِعْتُمْ صِيَاحَ الدِّيكَةِ فَسَلُوا اللَّهَ مِنْ فَضْلِهِ فَإِنَّهَا رَأَتْ مَلَكًا«.

Екі сахих хадистер жинақтарындағы бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді:«Есектердің ақырған даусын естісеңдер, Алланың атымен шайтаннан сақтаныңдар, өйткені олар шайтанды көрді, ал әтештердің шақырған даусын естісеңдер, Алла Тағаланың кеңшілігін сұраңдар, өйткені олар періштені көрді».

Бөлісу: