26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қорымның ішінде жүру әдебі қандай?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Қорымның ішінде жүру әдебі қандай?

Жауап: Қорымның ішінде жүру әдебі:

Пенде қабірлерді зиярат еткенде оның ішінде тірі кісілердің арасында жүргендей дұғалар айтып әдеп сақтап жүреді, ешқандай бір қабірдің үстін баспайды.

Өзіне де ажалы жетіп, қабірге көмілуін және қабірге кіргеннен кейін сұрақ-жауаптар болатынын есіне алуы тиіс. Сонымен бірге жәннат пен  тозақты есіне алып ойлануы керек.

Имам Ағзамның айтуынша қабірлердің үстінен басып жүруге болмайды, тек қана кенеттен қандай да бір өте қажетті іс туылған кезде басып өтуге болады. Қабірлердің жанынан өткенде тәкбір және тәсбих айтып өткен абзал.

 

Fatua.kz

Бөлісу: