25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өзін-өзі өлтірген мұсылман адамның жаназасы оқылады ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Өзін-өзі өлтірген мұсылман адамның жаназасы оқылады ма?

Жауап: Өзін-өзі өлтірген адам үлкен күнәһар болады, бірақ діннен шықпайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұндай жағдаймен өлген кейбір кісілердің жаназасын оқымаған. Дегенмен өзін-өзі өлтірген мұсылман адамның жаназасы оқылады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әр мұсылманның ол ер, не әйел болсын, үлкен, не кіші болсын, күнәһар болса да күнәһар болмаса да жаназаларын шығарыңдар»,-деген.

Тек имам не наиб имамнан басқа жаназа намазын білетін намазхан адам шығару керек.

fatua.kz

Бөлісу: