25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Көп балалы отбасы шалған құрбандықты өздеріне түгелдей ала алады ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассаламу алейкум, көп балалы отбасы шалған құрбандықты, өздеріне түгелдей ала алады ма?

Жауап: Уағалейкум ассалам!

Алла елшісі құрбан етінен құрбан шалушының өзі және өзгелер де жесін деп, халықты осыған шақырған. Құрбан етінің үштен бірін басқаға беру –  істеуге қызықтырылған, сауабы бар амал, істемесе күнә жоқ.

Алдайда көп балалы отбасы құрбан шалған болса, мұның еттерін түгелдей өз отбасына алып қалуына тиым жоқ. Өйткені, отбасының мұң-мұқтажы басқаларға қарағанда бірінші кезекте тұр.

Ал шалған құрбаны «нәзір құрбаны» болса етінен жей алмайды. Нәзір – Аллаға ғибадат ету мақсатымен өз міндетінде болмаған жақсы көрілген сауап істі жасауға шешім қабылдап, өзіне уәжіп қылуы жөнінде Аллаға сөз беруі.

Әдебиеттер:

1.      «Құрбан шалу», Н.Анарбаев, Е.Қарақұлов, 82

 

«ummet.kz» рухани – ақпарттық порталы

Бөлісу: