25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жаназа намазы қандай адамдарға оқылмайды?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ:  Әссәламуалайкум. Сұрайын дегенім жаназа намазы қандай адамдарға оқылмайды?

Жауап: Уа алайкум әссәлам. Үлкен-кiшi, ер немесе әйел болсын әрбiр мұсылманға жаназа намазын оқу парыз. "Ат-Табиинде" жаназа намазы оқылмайтын адамдар қатарына төмендегілер жатқызылады:

1. Бүлікші, мұсылмандарға қарсы қару қолданып, соғыс ашқан кісілер; 

2. Қарақшылық шабуыл кезiнде өлген тонаушылар және сол сияқтылар; 

3. Ата-анасын өлтiргендер: оларға қорлық болу үшін жаназа оқылмайды. Абайсызда өзiн-өзi бiлмей өлтiрген адамды жуып, жаназа намазын оқу керек (мысалы жауды өлтiремiн деп абайсыздан өзiн өлтiрiп алған). Сол сияқты өзге дінге, сектаға кірген кісінің жаназа намазы оқылмайды және олар мұсылмандар зиратына жерленбейді.

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: