05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Янтарь тастарынан жасалған мешіт

Жаһан
Жарнама

Дубай қаласында Amber Palm компаниясы құны 1 миллион долларға бағаланған мобильді янтарь мешітін құрап шығарды.

Бұл ерекше шағын мешіттің сыйымдылығы тек екі адамның намаз оқуына арналған. Мешіт толықтай янтарь тақтайшалары мен ағаштан жасалған.

Жоба авторлары туындыларын Дубайдағы әйгілі Al Falak мейманханасының залында таныстырды. Авторлар осы инновациялық еңбекті құрылыс материалдары мен ерекше фурнитураларды ұсыну кезінде жарқын мысал ретінде ұсынуға болатынын айтады.

Шағын «құлшылық үйінің» төрттен үш бөлігі янтарь тастарынан өрілген, осы арқылы ол көпшілікті өзіне баурайды. Материал құрамының ерекшелігіне байланысты мобильді мешіт айналасын алқызыл, сары, түрлі-түстерге бөлеп, ерекше шуақ шашады. Оның төбесінде айшығы бар күмбез іспетті элемент орналасқан. Интерьерде кілемше сынды жабынды төселген, ал қабырғаларының орта тұсы ислам каллиграфиясымен әспеттелген.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: