05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Кәмелеттік жасқа толмай неке қиюға қарсы пәтуа шықты

Жаһан
Жарнама

Индонезияда мұсылман әйел дін қызметкерлерінің алғашқы конгерсі 18 жасқа толмаған қыз баласымен неке қиюға қарсы пәтуа шығарды.

Конгреске жиылған әйел азаматшалар жергілікті биліктен неке қию жасын 16-дан 18 жасқа көтеруге шақырды. Олар ерте тұрмысқа шығу индонезиялық қыздардың білім алуына кедергі болатынын, мұндай некенің тең жартысы ажырасуға алып келетінін айтады. Конгресс сонымен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық және қоршаған ортаға зиян келтіруға қарсы пәтуалар шығарды.

Индонезия мұсылман халқы көп ел саналады – 2010 жылғы санақ барысында елдегі әрбір он тұрғынның тоғызы ислам дінін ұстанады. Сондай-ақ, Индонезия кәмелеттік жасқа толмай неке қию бойынша да алдыңғы қатарда – елде әр төртінші қыз 18 жасқа дейін тұрмысқа шығады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: