Индонезияның Ява аралында әлемнің ең ұзақ жасаған тұрғыны дүниеден өтті. Содимеджо есімді индонезиялық қарияның 146 жасқа келіп, қайтыс болған.
Содимеджоны ауылдастары «Гото ата» деп атап кеткен. Ол бірге туған оншақты бауырын, төрт әйелін және барлық балаларын көріп, олардың өмірден өткеніне де куә болған. Ұзақ жасаған қарияның денсаулығы сәуір айында сыр берген. Он күнге жуық аурухана төсегіне таңылан Содимеджо осы уақытта ешнәрсе жей алмаған. Осылайша бір жарым ғасырға жуық өмір сүріп, өмірден өтеді.
ummet.kz-ақпарат