Түркияда 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Дін істері жөніндегі министрліктің ұсынған ел мешіттерінде жасөспірімдер мен балалар орталығын ашу жоспары іске асырылады.
Аталмыш орталықтар мешіт территориясында немесе мешіттің ішінде құрылып, балалардың интеллектуалды, рухани және физикалық тұрғыдан дамуын ыңғайлы барлық жағдайлар жасалады. Орталықта кітапхана, компьютер кабинеті, ойын және спорттық залдары болады. Төрт жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңқайы мешіттің бірінші қабатында, ата-аналардың көздерінен таса болмайтындай жерге орналастырылады. Орталықта сонымен қатар балаларға арнайы Құран үйретуші ұстаздар да қызмет етпек.
Стамбулдағы мешіт имамы Мұхаммад Қарачайдың айтуынша, Түркияда осы уақытта 70 мың мешіт намаздан бөлек мәдени-рухани шаралар орталығына айналып үлгерген.
Ал үкіметтің қолдауымен көптеген мешіттерде іске асырыла бастаған жаңа бастама екі жылдың ішінде барлық мешіттерді қамтиды деп жоспарланған.
ummet.kz-ақпарат