07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Дінге тіл тигізіп, қамауға алынды

Жаһан
Жарнама

АҚШ полициясы Массачусетс штаты тұрғынын Бостондағы орталық мешітті өртеп жіберуге шақырып, мұсылман қауымына қоқан-лоққы көрсеткені үшін қамауға алды, деп хабарлайды CBS Boston.

Құқыққорғау органы аталмыш азаматты айыпты деп таныды.

Патрик Киган есімді 44 жасар америкалық Парижде орын алған терактіден кейін өзінің Facebook парақшасында Бостондағы ислам мәдени орталығын өртеп жіберуге шақырған.

Ол осы жазбасының астына бірнеше өртенген мешіт суреттерін жариялаған. Осы жайт турасында бірқатар мұсылман қауымдастығы алаңдаушылық білдірді.

Ұсталынған азаматты тергеу барысында оның заңсыз қару сатып алғаны да анықталды. Осыған байланысты П.Киганға тағы бір айып тағылуда. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: