Раван Абд әл-Латыф пен Маджид әл-Машгавари есімді инженерлер экологиялық таза кірпіштер жасап шығарды.
«Грин кейк» деп аталатын материал көмір күлі мен цементтен әзірленген. Ерекше кірпіштің салмағы қалыпты кірпіштің жартысына тең, ал құны 30%-ға арзан.
Мұсылман инженерлерінің кірпіштері көптеген арнайы сынақтардан өткізіліп, оның төзімділігі мен отқа шыдамдылығына сараптамалық сипаттама берілді.
ummet.kz-ақпарат