27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Меккеде бейнебақылау орталығы ашылады

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы билігі Таяу Шығыста ең жоғары технологиялы әрі ірі бейнебақылау орталығын ашуды жоспарлайды, деп жазады Middle Еast Eye.

Бейнебақылау орталығы кемінде 18 мың сыртқы камераларға бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, орталықта 1600 арнайы мамандандырылған полиция офицері қызмет етеді.

Аталмыш орталықтың нақты ашылатын уақыты әзірше жарияланбады. Дегенмен, жоба қазіргі күнде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға ала бастады.

Сонымен қатар, жуық уақытта ел билігі кез келген төтенше жағдайға арналған «911» нөмірін іске қосады. Бұл нөмірге қауіпсіздікке қатысты кез келген мәселе бойынша қоңырау шалуға болады. Орталықта жұмыс істейтін офицерлердің барлығы ағылшын тілін жетік меңгереді.

Орталықта екі үлкен алып экран орналасады. Онда сыртқы 18 мың бақылау камералары жинақталады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Мекке территориясында Басқару және бақылау басқармасы ретінде белгілі қауіпсіздік орталығы жұмыс істейді. Алайда, ол әртүрлі қызмет қауіпсіздіктерін үйлестірумен ғана айналысады. Ал жаңа бақылау орталығы қауіпсіздік саласының барлық мәселелерін қамтиды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: