02
Сенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ Төрағасы Төле би кесенесін зиярат етті

ҚМДБ Төрағасы Төле би кесенесін зиярат етті

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанға барған сапарында қазақтың біртуар тұлғасы Төле би бабамыздың кесенесін зиярат етті.

ҚМДБ Төрағасы баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, Алла Тағаладан ел мен жердің тыныштығын тіледі. Бүгінде Төле би кесенесі Ташкенттегі киелі орындардың бірі саналады. Сәулет кешені XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Айта кетейік, Төле би – Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен әйгілі тұлға. Қазақтың әйгілі үш биінің бірі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі. Төле би 1743-1749 жылдары Ташкент қаласын басқарып, осында жерленген. Төле би кесенесі жанында XIV ғасырда өмір сүрген шейх Хаванди Тахурдың да мазары бар.

Бөлісу: