Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлері мен облыс имамдарына өткізген арнайы жиналысында наиб мүфти қызметіне тағайындалған Кенжетай Дүйсенбайды таныстырды.
«Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта ҚМДБ төраға орынбасары, Наиб мүфти лауазымына жаңа басшы тағайындау мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы ретте, ҚМДБ төраға орынбасары, Наиб мүфти лауазымына Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай мырзаны тағайындау туралы шешімге қол қойдым» деді ҚМДБ Төрағасы.
Кенжетай Байкемелұлы – Мысырдағы әл-Азһар университетінің түлегі, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы, Бас мүфтидің кеңесшісі қызметтерін атқарған.