02
Сенбі,
Қараша

һижри

Бүгін елордада «Сүндет – 2019» акциясы өтуде

Бүгін елордада «Сүндет – 2019» акциясы өтуде

Ел іші
Жарнама

7 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасымен 2019 жылғы 7-8 маусымда сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы №2 қалалық балалар ауруханасында 3-7 жас балалар арасында көп балалы аналардың балаларына «Сүндет 2019» акциясын өтуде, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

7 маусым күні Алматы ауданының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, дін, уролог қайымдастығының және «BI Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының өкілдерінің қатысуымен акция басталды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қолдауымен арнайы балаларға арналған аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылуда.

Акция аясында 10 жоғары санатты, білікті балалар хирургтары циркумцизия отасын жасайтын болады. Бастапқыда акция шеңберінде 100 ұл балаларға сүндетке отырғызу рәсімі жасалады.

Өткізу орны – Аурухананың клиникалық-диагностикалық орталығы, Р.Қошқарбаев даң. 64, кіре берісі Абылай хан көшесі жағынан. 2 қабат, А блогы.

Бөлісу: