02
Сенбі,
Қараша

һижри

500 теңгеге... 1000 адамға ауызашар берілді (ФОТО)

500 теңгеге... 1000 адамға ауызашар берілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты "Зекет" қайырымдылық қоры және Мүфтият жастарының ұйытқы болуымен өткен "500 теңгеге ауызашар" атты қайырымдылық акциясы өз мəресіне жетті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.


4 күнде 1000 адамға ауызашар берілді. Игі дастархан басында ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, "Əзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы, "Зекет" қорының директоры Талғат Сейіткəрімұлы, т.б. ҚМДБ қызметкерлері қатысып, қайырымдылық істің мəні мен маңызы, сауабы жайлы уағыз айтты. Сонымен қатар, осынау сауапты істі ұйымдастырған "Зекет" қоры мен "Мүфтият жастарына" алғыс айтты. 

Айта кетейік, "Зекет" қоры және "Мүфтият жастары" ұйытқы болған "500 теңгеге ауызашар" атты қайырымдылық акциясына жомарт жандар небары 6 күнде 2 млн. 500 мың теңге аударды.

Ауызашардан артылған қаржыға кеше елордалық 130 отбасына тұрмысқа қажетті азық-түліктер таратылды.

Біз де өз тарапымыздан барша қайырымды жандарға алғыс айтамыз. Алла разы болсын!

Бөлісу: