06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

"Уақып" қоры ауыл мешіттеріндегі 205 молдаға қолдау көрсетті

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ ұсынған тізім бойынша «Уақып» қоры өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі молдалар мен ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсете бастады, деп хабарлайды muftyat.kz

Алғаш рет ай сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері – 50-60 мың теңге.

«Бұл игі бастама ҚМДБ-ның сапалы дін кадрларын даярлау жұмыстарына, ауыл мешіттерінің қызметін жандандыруға, аудан орталығынан шалғайда жатқан өңірлердегі құлшылық үйлерін дін қызметкерлерімен қамтамасыз етуге үлкен серпін береді деп есептеймін. «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының бұл қамқорлығы имам-молдалардың әлеуметтік мәселесін шешуге оң ықпал етеді деп санаймын. Бұдан былай жалақы алатын молдадан сапалы жұмыс нәтижесін талап ететін боламыз» деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, елімізде 2563 мешіт бар. Оның басым бөлігі елді-мекендерде орналасқан. Ал республика бойынша 3800 дін қызметкері жұмыс істейді.

348A0955

348A0903

ummet.kz

 

Бөлісу: