Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – мұсылманның міндеті. Сыр өңірінде бұл бағыттағы шаралар мешіт қызметкерлері тарапынан белсенді ұйымдастырылып келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, біршама отбасына көмек берілді. Аталмыш шараға қалалық мешіттер де өз үлесін қосты. Қалалық мешіттер мен облыстық мешіттің бірігуімен өткізілген қайырымдылық шарасы арқылы 100 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Атап айтар болсақ, бір отбасына 10 келі картоп, 10 келі жуа, 10 келі күріш, 5 келі қант, 5 келі макарон, 5 литр шемішке май үлестірілді. Қайырымдылық шарасына қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, уағыз-насихат жүргізілді.
ummet.kz