06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Алматыда тұңғыш халал жәрмеңкесі басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Халал Даму» ЖШС сертификатын алған халал өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Шараның ашылу салтанатына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты. «Діни басқарма қоғамның сұранысын қанағаттандыру үшін халал өнімдерінің стандартын жүйелеп, дамыту бағытында жұмыс жасап келеді. Бүгінде елімізде адал ас тұтынғысы келетіндер өте көп. Бұл біздің мұсылмандығымыздың белгісі. Адал ас арқылы біздің сеніміміз бен бір-бірімізге құрметіміз, болашаққа деген үмітіміз, мейріміділігіміз арта түседі деген сенімдемін» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Игі шараға Қазақстанның 30-дан аса халал тағам өндірушілері қатысып отыр. Жәрмеңке сөрелеріне ет пен сүт тағамдарының, кондитерлік өнімдер мен басқа да халал тағамның кез келген түрлері қойылды. Сонымен қатар, биологиялық белсенді қоспаларды өндіретін компаниялар да өз өнімдерін ұсынды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: