24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

БАҚ: Діни ағымдармен күресті мемлекет арнайы заң қабылдап жүргізуі керек (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

Түрлі діни теріс ағымдармен күресті мемлекет арнайы заң қабылдап жүргізуі керек. Осылай деген сарапшылар,  ел аумағында төнген қауіп-қатердің сейілмегенін айтады. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәләфизм ағымымен байланыста болған басбұзардың әрекетін толықтай айыптап, олармен күресті күшейтуді сұрап отыр.

Қарулы қақтығыстан кейін жұрт арасында түрлі дақпырт таралып, қауіп-қатерді одан сайын молайтты. Құқық қорғау орган қызметкерлері екінші күдіктіні қолға түсірді деген ақпарат айтылғанмен, артынша Ішкі істер министрі террорлық әрекетті бір адамның ғана жасағанын мәлімдеді. Сондықтан саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша, асығыс үкім шығарудан бұрын мұның артында кімнің, ненің тұрғанын  нақты анықтау керек.

 

Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер:

- Тергеу өту керек. Қылмыскердің өзінің уәжі тыңдалу керек. Және мұның астарында не жатыр? Ол түрмеде танысқан сәләфизм идеяларының үлесі бар ма, болмаса бұл тұрмыстық деңгейдегі ашынған азаматтың өзінің қарсылығын көрсету ме? Меніңше, оған уақыт керек.

 

Қоғамдағы жағдай елдегі діни ахуалдың күрделене түскенін көрсетті. Діни басқарма қызметкері сәләфилер пәтерлерде еліктегіш жастарға сабақ жүргізіп, кітаптарын емін-еркін сатып, оқытып жатыр дейді. Және ондай діни білімі сараптамадан өтпеген адамдарға уағыз айту құқығы берілмеуі керек деп есептейді.

 

Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі:

- Діни басқарма шамасы келгенше іс-әрекет қылып жатыр. Бірақ заң болмаса, құр ағартумен, түсіндірумен шарасыздық танытып жатыр. Мемлекет тарапынан бұл заң қабылдану керек. Бұларды тәртіпке келтіру керек.

 

Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, тілші:

- Осылайша Діни басқарма өкілі Қазақстанда құр ағартушылық жұмыстармен сәләфизммен күрес жүргізу мүмкін емес екенін ескертеді. Билік діни теріс ағымды шектеуге қандай заң қабылдайтыны әзірге белгісіз. Ал кеше үрей құшағына енген Алматыдағы жағдай қалыпқа келді. Қаладағы ірі сауда орталықтары мен банк бөлімшелері бүгін әдеттегідей жұмыс режіміне көшкен.

 

{youtube}zGqqfFVIHKE{/youtube}

 

Манас Қайыртайұлы, Ринат Абулхайыров

Дереккөз: "31 арна"

Бөлісу: