25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти әуежайда қажыларды қарсы алды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылық сапарын өтеуге аттанған отандастарымыздың алғашқы легі елге аман-есен оралды. Алматы халықаралық әуежайында қажылықтан келген қазақстандықтарды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қарсы алды.

 Кеше түнде бес парыздың бірін өтеуге кеткендердің 250-і туған топыраққа аяқ басты. Бұған дейін әрқайсысында 274 жолаушысы бар 3 ұшақ елімізге ұшып келген еді. Ал, барлығы 1000 адам елге дін аман оралды. Бұл жолы Меккеге елімізден парызын өтеуге 4 мың астам адам барған болатын.

«Қажылық – Алланың адам баласына берген ұлы сыйы. Сіздер осы ұлық құлшылықты, қасиетті қажылық парызын аман-есен орындап елімізге оралдыңыздар. Бұл Алла Тағаланың мемлекетімізге, халқымызға берген шексіз нығметі.  Өйткені, кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Аллаға шүкір, біздің елде бауырларымыз емін-еркін кезексіз барып келуде. Алла Тағала өтеп келген қажылықтарыңызды қабыл етіп, екі дүниеде жүзімізді жарық еткей!» деп бата жасады Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


 

ҚМДБ баспасөз бөлімі

Бөлісу: