24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елорда мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды (ФОТО)

Елорда мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен елорда имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алқалы жиында бас шаһардағы 12 мешітте жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. Сондай-ақ, «Астана» медресе колледжінің 2019 жылғы қорытынды есебі де тыңдалды.  

Жаңа нұсқа бойынша өткен жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық және теріс ағыммен күрес бағыттары бойынша жалпы мәлімет беріліп, арнайы слайд арқылы нақтыланып отырды. Сонымен қатар, кейбір мәліметтер бойынша қосымша сұрақтар қойылып, мешіттегі түрлі мәселелердің шешу тетігі қарастырылды.

Бөлісу: