06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамдарымен кездесті.

Бүгін Астанада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қырлары» тақырыбындағы 5 күндік оқыту семинары қорытындыланды.

«Соңғы кездері Қазақстандағы КФС ас дайындау өніміне әртүрлі xалал екендігіне сенімсіз қауесет сөздер айтылып жатуына байланысты, айтарым қазіргі таңда осы компанияны ҚМДБ арнайы xалал стандарттау арқылы толық қадағалауға алып отыр» деп хабарлайды ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласы «Әлжан ана мешіті» жанындағы имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеру республикалық орталығында оқып жатқан дін қызметкерлеріне дәріс берді.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, "Әл-Мәдина" мешіті және Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жамағат арасында Құран жарысы өтті. Сайысқа ауданға қарасты  мешіттерден барлығы 30-ға жуық шәкірт қатысты. Олардың ішінде, ең кішісі – 5 жасар болашақ қариларға дейін болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласы «Әлжан ана» мешіті жанындағы Республикалық имамдар орталығында оқып жатқан аудан имамдарына дәріс берді.

Батыс Қазақстан облысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің облыс әкімшілігімен бірлесе отырып, дін саласындағы өзекті бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Астанада «Алланың гүлі» атауымен екі қабатты мешіт салынып жатыр. Жаңа мешіт Астананың оң жағалауындағы Сарыарқа ауданында С409 көшесі аумағында бой көтереді.

«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни Мысырдағы әл-Азһар университетіне білімін жалғастыруға жолдама алған түлектерді қабылдады.