06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти аудан имамдарына дәріс берді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласы «Әлжан ана» мешіті жанындағы Республикалық имамдар орталығында оқып жатқан аудан имамдарына дәріс берді.

Бұл оқу сабағы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" тапсыры бойынша ұйымдастырылды. Дәрісте діннің тармақты мәселелері бойынша үкім шығарудың мәні мен мағынасы, пәтуа берудің тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, бас мүфти талақ берудің шарттары туралы баяндап берді.

Basdar4

ҚМДБ төрағасы аудан имамдарын пәтуа беру мәселесінде Құран, хадис үкімдерінен кейін дәстүрге, ғұрыпқа, жағдаятқа, қолданыстағы заңнамаларға мән беруге шақырды.

«Бүгінгі имам жан-жақты білімді болуы тиіс. Ғылымның әрбір саласынан хабары болған дін қызметкері кез келген адамға өз деңгейінде уағыз айта алады. Сонымен қатар, пәтуа беру дәрежесіне жетеді. Сіздердің әрбіріңіз осындай биік дәрежеге жетулеріңіз қажет. Алла Тағала алып жатқан білімдеріңізге сай амал етіп, елдің игілігі үшін қызмет ете беруді нәсіп етсін» деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Дәріс соңында дін қызметкерлері бас мүфтиге өздерін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, жауап алды.

Basdar2

http://kazislam.kz

Бөлісу: