Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде шәкірттер арасындағы білім сайысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz.
Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі сайыстың биылғы сұрақтары «Ғибадат» пәні бойынша тест түрінде келді. 50 сұрақтан құралған іріктеу кезеңінде 130 үміткер бақ сынады. Үздік ұпай көрсеткішін жинаған бес шәкірт жұма күні жамағат алдында өтетін ақтық айналымға жолданады.
ummet.kz