06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Астанада «Уақып қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының таныстырылымы болып өтті. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстанның бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Малғажыұлы, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Астанада өткен қазақстандық «Уақып» қоры корпоративтік қайырымдылық қорын таныстыру рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бір айлық жалақысын жарна ретінде қорға аударып, қайырымдылық жасады. «Уақып» қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, министр Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда игілікті, сауапты істер жасауға ниетті адамдар қатары көбейіп келе жатқанын атап өтті.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалымен экстремизим мен терроризмнің алдын алуды ұйымдастыру мәселелері ортаға салынды.

Бүгін Астанада Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ғимаратында қазақстандық шәкірттерді Түркия Республикасына оқуға шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Мехмет Фатих Гюнеш мырза қатысты.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері жұмыс сапарымен Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Атырау облысында РАТТ құрамына Дін істері комитетінің ислам діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Б.Есмахан, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Б.Әбілкәрімова және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз және түсіндіру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров енді.

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің ХVII отырысы басталды. Келелі жиынды ашқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, Ғұламалар кеңесінің жаңа мүшесін таныстырды: «Негізгі тақырыптарды талқыламас бұрын сіздерге кеңестің жаңа мүшесін таныстырғым келеді. Ол Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Парқұлұлы Ғұламалар кеңесінің мүшелігіне бір ауыздан қабылданды.

«Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ «Астана» медресесі шәкірттерімен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  талқылау мақсатында сараптамалық кездесу өткізді. Кездесу барысында Елбасы мақаласындағы діни экстремизммен жұмыс жасаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Бүгін «Әзірет сұлтан» мешітінде Түркия республикасы Кайсери қаласындағы «Хасеки» институтына қазақстандық шәкірттерді қабылдау емтиханы өтуде.

2017 жылы 29 қыркүйек күні Кентау қалалық орталық мешітінде «Сүйіліш баба» рухына бағышталып республикалық Құран жарысы өткізілмек. Жарыс 3 дәрежелі топқа бөлінеді: 10 пара, 5 пара, 1 пара. (Ескерту: 10 және 5 параға қатысатын азаматтардың жас ерекшелігіне шектеу болмайды, ал 1 параға қатысушылар 14 жастан аспауы керек). 
Жүлде қоры 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды. Бас демеуші –Сүйіліш батыр ұрпақтары.

Бүгінгі таңда халықтың діни білімін жетілдіріп, Ислам жайлы сенімді ақпарат жеткізуде, насихат жұмыстарын дұрыс жүргізуде имамдардың рөлі жоғары. Ал, уақыт өткен сайын халықтың діни тұрғыдағы сұрақтарының  салмағы да артып келеді.