ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Sayasat.org сайтына берген сұхбатында қазіргі уақытта министрлік теологтар тобын жұмылдыра отырып, жат ағымдардан сақтандыратын әдістемені даярлап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.
Н.Ермекбаев: Діни догмалар басқартуға болмайтын салаларға тамыр жая бастады
Бүгінгі таңда діни мәселе қоғамдағы өзекті сұрақтардың бірі. Біздің қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы біршама алаңдатып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты шараларды қолға алып, діни саладағы ахуалды реттеуде жаңа бастамалар ұсынып отыр. Елдегі деструктивті ағымдардың қызметіне тыйым салына ма? Діни салада қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндайды.
Ресейлік имамдар қазақ тілін үйренді
Ресейдің Саратов облысынан 4 имам қазақ тілін үйрену ниетімен Алматы қаласында 1 ай мерзімде білім алды. Имамдардың бірі - тәжік, қалған үшеуі қазақ ұлтынан, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Астанада киім жинауға арналған жәшіктер қойылады
Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламысын, "Атамекен" бағдарламасы жанындағы "Жомарт жүрек" бағдарламасын іске асыру аясында Астанада киім-кешек жинау үшін арнайы жәшіктер пайда болады.
Экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті
2017 жылдың 9 тамыз күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен, жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Стоматология» оқу клиникалық орталық» ЖШС қызметкерлерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
"Халал - халық таңдауы" семинары өтті
Алла тағаланың «Сендерге Алла өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай бүгінгі таңда мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән беріп келеді.
Қазақстан қажылық миссиясының құрамы бекітілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қазақстан Қажылық миссиясының негізгі құрамы бекітіліп, дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Muftyat.kz.
"Иман" журналы бәйге жариялады
Бас мүфти: берілген уәдеге сай қызмет көрсетілсін
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен қажылық сапарын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты арнайы басқосу өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Бурабай кентінде жаңа мешіт салынады
Ақмола облысы Бурабай кентінің тұрғындары намазды уақытша қойылған күртеде оқуға мәжбүр. Үш ай бұрын Бурабай курорттық аймағындағы мешіт өртенген болатын. Содан бері, жергілікті мұсылман азаматтары жаңа ғимараттың құрылысын күтіп жүр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қажыларға арналған дайындық курстары басталады
ҚМДБ-ның Астана қалалық өкілдігінің тапсырмасы аясында «Әлжан ана» мешітінің медресе ғимаратында қажылық парызын өтеуші жандардың құлшылығын артыра түсуге себепші болу мақсатында дайындық дәрістері басталатынын хабарлаймыз.