06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Ел іші
Жарнама

2017 жылдың 9 тамыз күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен, жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Стоматология» оқу клиникалық орталық» ЖШС қызметкерлерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген басым бағыттарға кеңінен тоқталып, «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Муслимов Дәурен Мұхаммедрахымұлы дәстүрлі діннің құндылықтары және теріс діни ағымдардан айырмашылықтары туралы маңызды ақпараттар жеткізді.

0e19e1ac 5830 424e a9f3 e2a957667b43

Сондай-ақ, ақпараттық материалдар таратылып, бейнематериалдар қатысушылар назарына ұсынылды. Дәріс соңында тыңдаушылардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріліп, Орталық маманы тарапынан психологиялық және діни тұрғыдағы кеңес беру қызметін атқаратын «call-center 2288» және 8 (7172) 78-22-88 «Сенім телефоны» туралы ақпарат берілді.

ummet.kz

Бөлісу: