06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қазақстандық шәкірттерді Түркиядағы "Хасеки" институтына қабылдау басталды

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Әзірет сұлтан» мешітінде Түркия республикасы Кайсери қаласындағы «Хасеки» институтына қазақстандық шәкірттерді қабылдау емтиханы өтуде.

Аталмыш оқу ордасына «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медресенің бітіруші түлектерінен 47 үміткер білім сынағын тапсырып бастады. Талапкерлерге емтихан өткізу үшін Кайсери Діни жоғарғы оқу академиясының (Хасеки) директоры Абдулкадир Кабдан мен Конья Діни жоғарғы оқу академисының оқытушысы Хусейн Акынжы елордаға арнайы келіп отыр.  

IMG 9218

– ҚМДБ мен Түркия Республикасы Діни басқармасының арасындағы өзара келісім негізінде 2013 жылдан бері Хасеки академиясында Қазақстаннан бүгінге дейін 80 шәкірт діни білімін жетілдірді. Олардың 60-қа жуығы оқуын тәмамдап, қазіргі күні ҚМДБ-ға қарасты дін саласындағы қызметтерге орналасып, нәтижелі еңбек етіп жүр, - деді ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.

IMG 8990

IMG 9123

Наиб мүфти мен Қазақстандағы Түркия Республикасының Төтенше  және өкілетті елшілігі, Дін мәселелері жөніндегі кеңесшілігінің хатшысы Әділбек Бекболат түркиялық дін мамандарына бірлесе жүргізіп келе жатқан өнімді жұмыстар үшін алғысын жеткізіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Осы сынақтан сүрінбей өткен қазақстандық шәкірттерге Түркияға жолдама беріледі. Түркия тарапы олардың жол сапары, ас-суы мен жатын орын қамтамасыз етіп, ай сайын шәкіртақы береді. Айта кетейік, үміткерлердің араб тілі, фиқһ ілімі мен Құран білімі сыналады. Іріктеуден өткен шәкірттер Түркияда 3 жыл білім алады.

IMG 9204

IMG 9214  IMG 8971

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: