06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Дін туралы жаңа заң жобасы талқыланды

Ел іші
Жарнама

Астанада «Діни қызмет саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бағдарламалар офисі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы мен Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы ұйымдастырған іс-шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын қатысты. Ол өз сөзінде Қазақстанда бүгінгі таңда азаматтардың ар-ождан бостандығы мен діни бірлестіктер жұмысына қолайлы жағдай жасау құқығын қамтамасыз етуге үлкен мән берілетіндігін, мемлекет діни саладағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты нығайтуға, сондай-ақ, халықтың діни экстремизм идеологиясының барлық нысандары мен көріністеріне қарсы иммунитетін үнемі қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайтынын, мемлекет 18 конфессияны қамтитын ресми тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарына қызмет етуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Сонымен бірге, вице-министр  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына Министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама бір жағынан азаматтардың құқықтарын қорғауға, екінші жағынан экстремистік және басқа да деструктивті мақсаттарда дінді пайдалану мүмкіндігін азайтуға бағытталған құқықтық нормаларды белгілейді.

IMG 8274

Ал, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Е.Оңғарбаев заң жобасының негізгі ережелері мен оны әзірлеуде ескерілген өзгерістер туралы айтып, заң жобасына дайындық барысында діни бірлестіктерден, үкіметтік емес ұйымдардан және сарапшылардан ұсыныстар келіп түскенін жеткізді. «Қазіргі таңда келіп түскен ұсыныстар пысықталды, кейбіреулері заң жобасына енгізілді» дейді Еркін Оңғарбаев.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына БҰҰ Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ұлттық баяндамалар үйлестірушісі Лейла Дүйсекова, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Еркін Оңғарбаев, «Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Александр Клюшев, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Ватикан елшіліктерінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері де шақырылды.

Қатысушылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына қатысты бірқатар мәселелерлі талқылап, заң жобасын қабылдау мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды жақсартуға мүмкіндік беретіндігін және елдегі діни экстремизм идеясының таралуына қарсы тұруға көмектесетіндігін атап өтті.

ummet.kz

Бөлісу: