01
Жұма,
Қараша

һижри

Бас имам Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлына алғыс хат тапсырды

Бас имам Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлына алғыс хат тапсырды

Мешіт тынысы
Жарнама

20 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі «Нұр Астана» орталық мешітінің  Бас имамы Әбітайұлы Асқарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы қабылдады.

Кездесу барысында Бас имам: «Астана қаласында Еуразия мұсылман ғұламаларының өтуі Қазақстанның мұсылман әлеміндегі мәртебесін арттыра түсті. Халықаралық маңызы бар тарихи басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасы мен қазақ топырағынан шыққан әлемге әйгілі діни тұлғалардың еңбектері Еуразияның жиырмадан астам елінен келген танымал мұсылман ғұламаларының алдында насихатталды,» - деп форумда жасалған келелі істерге тоқталып өтті.  Сонымен бірге, халықаралық маңызы бар форумға атсалысқаны үшін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан Астана әкімі Өрентайұлы Әсетке және орынбасары Ермек Әмірханұлына алғыс хатын табыстады. Кездесу барысында  Астана мешіттерінің жұмыс барысын талқылап, өкілдіктің атынан алдағы Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: