Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі «Имани жаз - 2024» курсының оқушыларына тәттілер үлестірілді.
Халқымызда «Қуантқың келсе — баланы қуант, берсең балаға бер! Олар бергеніңді шарықтаған шаттықпен, шынайы ниетпен қабылдап, риясыз қуана алатын жандар – балалар» деген даналық бар. Расымен де, баланың қуанышынан артық жақсылық жоқ шығар...
Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай мешіт ұжымы балаларды тәттілермен қуантты. Жазғы сауат ашу курсында білім алып жатқан 180 балаға мешіт ұстаздары тарапынан Құрбан айт туралы көркем мысалдар мен айт мейрамының шығу тарихы мен әдептері жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Ұстаздарынан айттық сыйлық алған кішкентай шәкірттер мәз-мейрам болып, алғыстарын білдірді.
ummet.kz