Күллі әлем мұсылмандары үшін қасиетті құлшылық маусымы да жақын қалды. Қасиетті Мекке шаһарына қажылық жасауға ниетті отандастарымызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жылдағы үрдіспен арнайы дін қызметкерлері тағайындалып, оларға шариғат жолымен жасалар рәсімдер туралы мағлұматтар беріп отырады.
Биылғы қажылыққа барушы ел азаматтарына ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті арнайы үш күндік курс ұйымдастыруда. 31 тамыз - 2 қыркүйек аралығында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде өтетін семинарда қажылықтың мән-маңызы, құлшылық рәсімдері, тәлбия, ихрам, тауап жасау және тәшриқ күндері секілді мазмұнды мәліметтер беріледі. Семинар соңынан 2 қыркүйек күні қажыларға арнайы бата беру рәсімі өткізіледі.
«С.Ғылмани» мешітінде өтетін Астана қаласының қажыларына арналған дайындық курстарының кестесі
№ |
Сабақ тақырыбы |
Мерзімі |
Сабақ уақыты |
Дәріскер ұстаз |
1 |
Қажылық деген не? Қажылықтың парыз болуының шарттары. Қажылықтың парыздары. «Таматтұғ» қажылығы. |
31 тамыз |
10:00-11:00 |
Нұрлан Қайырбеков «Кунта қажы» мешітінің наиб имамы |
2 |
Тәлбия. Миқаттар. Ихрам, қалай кіреді, уәжіптері. Ихрам кезіндегі тыйымдар. |
11:00-12:00 |
Әділ Агитаев «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы |
|
3 |
Умра мен үлкен қажылықтың айырмашылығы. Тауап және сағи. Қажылықтың 1-2-ші күндері. Таруия, Арафа және Мұздалифадағы амалдар. |
1 қыркүйек |
10:00-11:00 |
Ғазиз Ахметов «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы |
4 |
Қажылықтың 3-ші күні. Қажылар Минада. Минада істелетін амалдардың реті. Тас лақтыру әдептері. Ихрамнан шығу. Парыз тауабы мен сағи. |
11:00-12:00 |
Әділхан Серікбай «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы |
|
5 |
Қажылықтың 4-5-6 күндері. Тәшриқ күндері. Тәшриқ күндері қажылар істеуге міндетті амалдар. Әйелдерге қатысты үкімдер. Бәдал қажылығы. |
2 қыркүйек |
10:00-12:00 |
Яхия Исмаилов «Кунта қажы» мешітінің Бас имамы |
6 |
Қажыларға бата беру рәсімі. |
12:00-12:30 |
Наурызбай қажы Тағанұлы Наиб мүфти |
ummet.kz-ақпарат