«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жамағатпен бірге Мәуліт айының соңғы күнін атап өтті.
Мешіт жамағатына әдеттегідей бейсенбілік ақ дастархан жайылып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен мешіт ұстазы Нуриддин Абдусаматұлы көркем насихат айтты. Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тек Мәуліт айында ғана емес, әр күн сайын, әр сәт сайын еске алып, өмір жолын үлгі етіп, көбірек салауат жолдауға шақырды.
Кеш барысында жамағатқа Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихынан түрлі викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жандарға сый-сияпат жасалды. Сондай-ақ, жиылған жамағат арасынан Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең көп салауат айтқан кісілер де арнайы марапатталды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірімен кеңінен танысқан жамағат мешіт ұжымы мен ұстаздарға зор алғыстарын білдірді.
ummet.kz