Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жамағатқа арналған Мәуліт кеші өткізілді.
Ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына Мәуліт мерекесінің құрметіне орай арнайы ақ дастархан жайылды. Мәуліт кеші әдеттегідей мешіт ұстазы, қари Мұрат Дайрабайұлының Мәуліт оқуымен басталды. ҚМДБ жанындағы «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағжан Ерболатұлы мешіт жамағатын Мәуліт айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың қадір-қасиеті хақында баяндады.
Мешітке арнайы келген Республикалық бас мешіттің наиб имамы, ұстаз Әділхан Оразов жиылған жамағатқа Мәуліт мерекесінің Ислам дініндегі маңыздылығы тақырыбында көркем насихат айтты.
Насихат барысында наиб имам Құрандағы Алла Елшісіне (с.ғ.с) қатысты аяттарды, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншіліктің мәні, Оның (с.ғ.с) шапағат етуі, Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүннетіне ерудің маңыздылығы жайындағы тың тақырыптарға кеңінен тоқталып, көркем мысалдар мен ғибратты оқиғаларды тілге тиек етті.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірімен жақын танысқан жамағат мешіт ұжымына мағыналы басқосу үшін өз алғыстарын білдірді.
ummet.kz