25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандықты ақшалай берсе, сауап жазыла ма?

Құрбандықты ақшалай берсе, сауап жазыла ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбандықты сатып алуға арналған қаражатты садақа ету құрбандық шалудың сауабына жеткізбейді. Құрбандық – мал сойып, қан шығару арқылы орындалатын құлшылық.

Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «(Әй, Мұхаммед!) Раббыңның (разылығы) үшін, намаз оқып, құрбандық шал!» – деп, әмір еткен. Аяттағы «Уанхар» деген сөз түйе бауыздауды білдіреді. Яғни, Жаратушының разылығына жету үшін Айт намазыңды ықыласпен толық оқы да, Құрбандыққа түйе бауызда. Түйені айтқан себебі, арабтарда ең бағалы жануар болғандығы үшін. Құрбандық шалу құлшылығына тек қана қан шығару арқылы жетеміз.

Алайда, құрбандық шалудан тыс, қосымша қайырымдылық шараларын жасау да теңдессіз сауапқа кенелтері хақ.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: