25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазақ халқы Құрбан айтты қай жылдан бері тойлаған?

Қазақ халқы Құрбан айтты қай жылдан бері тойлаған?

Құрбан Айт
Жарнама

Қазақтардың алғаш Құрбан Айтты тойлаулары туралы ақпараттар ХІХ ғасырдағы орыс жазбаларында да кездеседі.

Тарихи құжаттарға жүгінетін болсақ, қазақ жерінде 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн, Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген. Оған негіз 1921 жылғы 5 наурызда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Автономиялы Республикасы Орталық атқару комитеті Төралқасының «Мұсылмандар мерекесі» туралы қабылдаған шешімі. Оған C.Меңдешев төрағалық жасаса, Алаш арыстары А.Байтұрсынұлы пен Ә.Бөкейхандар Төралқа мәжілісіне қатысқан екен.

Құрбан Айтты тойлау және құрбан шалу салты Орталық Азияда ислам дінінің келуімен бірге тараған. Ол Х-ХІІІ ғасырларда етек алған. Бұл салт көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық үшін таңсық болмайды.

Құрбан Айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Елбасының ұлттық мерекелердің мәртебесін көтеру бастамасының арқасында  Құрбан Айт мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін болды. 2005 жылғы 28 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, соған сәйкес Құрбан айт пен Рождество мерекесінің бірінші күні елімізде демалыс күндері болып жарияланды.

дереккөз: e-history.kz/kz

Бөлісу: